+7 (71839) 21-376
Instagram Facebook kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметші күніне арналған жарияланымы

2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» жарлыққа өзгерістер енгізді, осыған байланысты кәсіби мерекелер күнтізбесінде мемлекеттік қызметші күні пайда болды. Жыл сайын ол 23 маусымда атап өтіледі. Бұл күнді «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ ұжымы да тойлайды.

 Біздің Департаментте техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларында, Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды Павлодар облысында өткізу саласында бақылауды жүзеге асыратын, алты адамнан тұратын ұжым жұмыс істейді. Департамент Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 136, 401 кеңсе мекенжайында орналасқан.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта құрылды. Осыған байланысты, Департамент қайта құрылды және штат кестесі өзгертілді.

Іріктемелі тексерулер тізіміне сәйкес 2018 жылы Департамент мемлекеттік метрологиялық бақылауға 8 тексеру жүргізді, оның ішінде 1 (12,5%) жағдайда бұзушылықтар анықталды. Тексерулер нәтижелері бойынша 240 500 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, ол мерзімінде орындалды.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында мемлекеттік органдардың профилактикалық бақылау және қадағалау тізіміне сәйкес 6 мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізілді, оның ішінде 2 жағдайда бұзушылықтар анықталды. Тексерулер нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығарылды.

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Заңының 12-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалануда орын алған бұзушылықтарды жоюда әдістемелік көмек көрсету мақсатында, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасымен және Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің жай-күйі мониторингінің бекітілген кестесіне сәйкес Департамент мамандары қаланың және облыс орталықтарының 300-ден астам мемлекеттік мекемелерін аралап, мониторинг жүргізді.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздерді қолдану» тақырыбында көшпелі семинарлар өткізілді.

«КазСтИн» РМК Павлодар филиалымен бірге ЕАЭО техникалық регламенттерін, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық стандарттарды және оларға стандарттар тізбесін талқылау бойынша дөңгелек үстелдер, Павлодар облысының техникалық реттеу мәселелері бойынша өңірлік штаб отырыстарын өткізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Біз өз қызметімізді БАҚ-та кеңінен жариялауға тырысамыз, осылайша аймақтың облыстық, қалалық және аудандық газеттерінде, Facebok блог-платформасында және ТРМК сайтына техникалық реттеу, метрология, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу мәселелеріне қатысты 192 мақала жарияланды.

Цифрландыру - уақыт талаптарына сәйкес біздің жұмысымыз электрондық құжатайналымы жүйесінде жүргізіледі. 2018 жылы – 198 өтініш келіп түсті, оның ішінде заңды тұлғалардан - 156, жеке тұлғалардан-42. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын) қарау уақтылы жүргізіледі. Мұндай жұмыс кезінде мүдделер қақтығысы болған емес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілмейді. Департаментте департамент басшысының қоғамдық қабылдауы, «Сенім телефоны» жұмыс істейді, Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілінің қабылдау кестесі бекітілген.

Департамент қызметкерлері «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ ұйымдастырған «Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру» семинар жұмысына және Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында жүргізілген жасырын сауалнамаға қатысты.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жергілікті атқарушы органдармен және облыстық «Ертіс» телеарнасымен бірлесіп Менің ата-анам-мемлекеттік қызметшілер!» бейне роликтер конкурсын өткізді, біздің Департамент үшінші орынға ие болды.

Біз алдағы уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары атағына лайықты болуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Павлодар облысының барлық мемлекеттік қызметшілерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды! Қазақстан Республикасының халқына қызмет етуде зор денсаулық, табыс және сарқылмас қуат тілейді!

 

Павлодар облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы А.Қ. Әлібаев

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group
SQL Error: Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired at /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
Array
(
    [code] => 145
    [message] => Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired
    [query] => INSERT INTO `prefix_counter_users`(`cuser_date`,`cuser_ip`) VALUES('2019-12-07','18.205.60.226')
    [context] => /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
)