+7 (71839) 21-376
Instagram Facebook kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Сот жүктемесін оңтайландыру

         2018 жылдың 21 қаңтарында Мемлекет басшымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

         Заңмен 42 заңнамалық актіге, оның ішінде 11 кодекске меншік құқығын қорғауды күшейтуге, төрелікті дамытуға, сот жүктемесін оңтайландыруға және экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге бағытталған түзетулер енгізілді.

Азаматтық іс жүргізу кодексіне және «Нотариат туралы» Заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес соттар бұрын қарайтын 9 даусыз талаптар нотариустарға беріледі. Бұл, мысалы, жалақыны өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және т. б. талаптар.

Сонымен қатар, тараптардың келісімдеріне негізделген 10 талап жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізуден соттың бұйрықтық іс жүргізуіне берілді.

Бұдан басқа сот орындаушыларының жекелеген қаулыларын санкциялау соттан прокурорларға беріледі. Бұл сот орындаушылардың банк шоттарының нөмірлері және оларда ақшаның бар-жоғы туралы ақпаратты талап ету туралы; борышкердің мүлкіне, сондай-ақ жосықсыз жеке немесе заңды тұлғаның банктердегі ақшасына тыйым салу туралы қаулыларын санкциялау.

Борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының Қазақстан Республикасынан шығуына шектеулер және борышкерді мәжбүрлеп алып келу соттарда қалады.

 

Мемлекеттік сот орындаушы Б. Шадиханов

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2019
разработано: NF Group
SQL Error: Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired at /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
Array
(
    [code] => 145
    [message] => Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired
    [query] => INSERT INTO `prefix_counter_users`(`cuser_date`,`cuser_ip`) VALUES('2019-11-19','18.205.176.85')
    [context] => /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
)