+7 (71839) 21-376
Instagram Facebook kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Спорттық мектепке 50 жыл

 Биыл Аққулы ауданымыздың балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 50 жыл толып отыр.   Халықтық білім бөлімінің 1969 жылғы 8 қыркүйектің №802 бұйрығына сәйкес  ашылған мекемеде 1-ші директор болып Амренов Еслямхан Жұбайұлы тағайындалды.

   Мектеп ашылғаннан бастап, спорт мектебінде келесі білікті оқытушы-жаттықтырушылар жұмыс жасады. Атап айтқанда: Баскетболдан Жайлауов Мұхаметқали, волейболдан Иляшев Биқан, Неволькин Иван, шахматтан Арынов Темкен, Молдакаримов Қаркен, тоғызқұмалақтан Капаев Исатай, жеңіл атлетикадан Вардугин Генадий, Варашилов Михаил, Джуматов Генадий. 1995 жылға дейін Еслямхан Жұбайұлы директорлық қызметін атқарса, 1999 жылдан 2013 жылға дейін Нұрлан Қабыкенұлы директорлық қызметін атқарды.

    Спорт мектебінің тарихында еркін күрестен 28 спорт шебері, 100-ден астам спорт шеберлігіне үміткерлер дайындалды.

      27 қараша күні Аққулы ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінде аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 50-жыл толуына орай жаттықтырушы-мұғалімдер және спорт саласында қызметкерлер арасында іс шара өткізілді. Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Абзал Әбілхақұлы, аудан әкімінің  орынбасары Алма Жантемірқызы іс шараға қатысушыларды құттықтап ауданымыздан шыққан мықты спортшыларымызды атап өтті. Жастарға жұмыстарына табыс тілеп спортта биік жетістіктерге жетуге тілектерін білдірді. Көпжылғы адал еңбектерімен ауданымыздың спорт саласын дамытуға қосқан қомақты үлестері үшін  Нұрлан Қабыкенұлы, Нұрлан Құсайынұлы, Елеубай Баритұлы, Қайырынберді Жақсыбайұлы, Марат Құбайдоллаұлы, Галина Андрейқызы құрмет грамотамен  марапатталса  Қаныш Ғазизұлы, Мұрат Жұмаханұлы, Оразалина Рымкеш, Анатолий Иванович, Майжан Қабыжанқызы, Ансаған Дина аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Аудан әкімінің атынан спорттық құрал жабдықтар табысталса, мәдениет денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Артем Сальников волейбол формаларын сыйға тартты. Салтанатты бөлімінен кейін дойбы, үстел теннис және волейболдан жарыстар ұймдастырылды. Тартысты өткен ойындар қорытындысы бойынша дойбыдан:  1 орын – Ибраимова Олеся,  2 орын – Оразалина Рымкеш, 3 орын – Акижанова Майжан, үстел теннистен: 1 орын – Айтимов Қайырынберды,

2 орын – Шалабаев Куандық,  3 орын – Сальников Артем.  Волейболдан ардагерлер спортшылармен және жаттыктырушылардан құралған екі команда тамаша ойын өнерін көрсетті. Барлық жүлде алған спортшылар спорт мектебі атынан  грамота және медальдармен марапатталды.

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2020
разработано: NF Group
SQL Error: Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired at /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
Array
(
    [code] => 145
    [message] => Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired
    [query] => INSERT INTO `prefix_counter_users`(`cuser_date`,`cuser_ip`) VALUES('2020-08-11','18.207.98.97')
    [context] => /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
)