+7 (71839) 21-376
Instagram Facebook kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

«Абай – адамзаттың ақыны»

 

2020 жылдың 20 қаңтар күні Аққулы ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Лебяжі ОМ базасында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай «Абай-адамзаттың ақыны» атты аудандық конкурс ұйымдастырылып өткізілді. Конкурс екі бағыт бойынша өткізілді.І-бағыт. Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы 6-8 сынып оқушылары арасында. ІІ-бағыт.Абайдың қарасөздерін жатқа оқу конкурсы 9-10 сынып оқушылары арасында.

Конкурстың мақсаты: мектеп  оқушылары арасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылды. Әділқазы мүшелігіне Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Ж.А.Муталипова, облыстық дарынды балаларға арналған көп салалы лицей интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.С.Мукушева, аудандық әдістеме кабинетінің меңгерушісі Г.Б.Батталова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері А.А.Макишева енді. Конкурстың қорытындысы бойынша барлық оқушылар қатысушы сертификатын иеленіп, жеңімпаздар білім бөлімінің дипломдары мен бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Конкурс қорытындысы бойынша бас жүлдені Б.Уахатов ат.ОМ 6-сынып оқушысы Мерғалым Ерхат иеленіп тоңазытқышты қанжығасына байлады. 1-орынға Жамбыл ОМ 8-сынып оқушысы Ардабек Мирас ие болып, бағалы сыйлыққа телевизор иеленді, 2-орынға С.Сатыбалдин ат.ОМ 6-сынып оқушысы Базарбай Мерейгүл ие болып, бағалы сыйлыққа қысқа толқынды пеш иеленді, 2-орынға Тілектес ОМ 10-сынып оқушысы Хайратбек Мақпал ие болып, бағалы сыйлыққа планшет иеленді, 3-орынға Лебяжі ОМ 8-сынып оқушысы Жиеналина Айсұлу мен Шарбақты ОМ 8-сынып оқушысы Мухпел Назерке ие болып, бағалы сыйлыққа ұялы телефондарды иеленді.

 

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2020
разработано: NF Group
SQL Error: Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired at /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
Array
(
    [code] => 145
    [message] => Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired
    [query] => INSERT INTO `prefix_counter_users`(`cuser_date`,`cuser_ip`) VALUES('2020-08-11','18.207.98.97')
    [context] => /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
)