+7 (71839) 21-376
Instagram Facebook kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

Аққулы аудандық емхана пациенттерін жоспарлы тексеруді тоқтатады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай туралы» Жарлығына байланысты облыстағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы бұйрыққа негізделеді.

Аққулы аудандық емханасы пациенттердің қауіпсіздігі үшін шұғыл жағдайларды қоспағанда, медициналық қызметтерге жоспарлы тексеруді тоқтатады.
Төмендегі шаралар қайта жоспарланады!!

Тәулік бойы және күндізгі стационарда жоспарлы түрде госпитализациялау; жоспарлы операциялар, профилактикалық тексерулер, скринингтер, қалпына келтіру, профилактикалық егулер кейінге қалдырылды.
Ал жаңа туған нәрестелерге БЦЖ және ВВГ, кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба-инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын халыққа; құтыру-тері қабаттары мен шырышты қабаттарының бүтіндігі бұзылуымен жарақат алған адамдарға; эпидемиялық көрсеткіштер бойынша инфекция ошақтарында байланыста болған адамдарға екпелер жоспарлы түрде салынады.
Емхананың жұмыс уақытында дәрігермен кеңесу қажет болса, тіркеу телефоны арқылы «үйде қоңырау шалу» қызметін пайдаланыңыз:
Барлық жоспарланған анализдер тоқтатылды, олар тек төтенше жағдайларда көрсетілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
Физиологиялық босануды Аққулы ауданындағы аурухана перзентханасында, ал кез-келген ауытқу болған жағдайда Павлодар қаласындағы Перинаталды орталыққа жіберіледі.
Карантинге дейін ашылған еңбекке жарамсыздық парағын жергілікті дәрігерге хабарласу арқылы қашықтықтан алуға болады.
Рецепттер онлайн режимінде шығарылады.
Диспансерлік есепте тұрған науқастарға  ақысыз амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында жеткізу жергілікті медицина қызметкерлерінің көмегімен және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Дене қызуының жоғарылау белгілері, жедел респираторлы вирустық инфекциялар, пневмония белгілері бар науқастар, Амангелді көшесі 84 мекен-жайындағы аурухана ғимаратының 1-қабатындағы фильтр бөліміне хабарласады алады.
Қажетті ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: 21620, 21408. , ватсап нөмірі: 8747 5596756.

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2020
разработано: NF Group
SQL Error: Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired at /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
Array
(
    [code] => 145
    [message] => Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired
    [query] => INSERT INTO `prefix_counter_users`(`cuser_date`,`cuser_ip`) VALUES('2020-06-02','18.232.38.214')
    [context] => /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
)