+7 (71839) 21-376
Instagram Facebook kense.alr@pavlodar.gov.kz
Жедел әрекет ету мақсатында
Жаңалықтар мұрағаты
Облыс əкімдігінің жаңалықтары
Сұрақ

Сізді ауданда ең алдымен қандай проблема алаңдатады?

  •     сұрақтар мұрағаты

«Онлайн мәдени кеңістік»

Ауданда 38 (21- клубтық, 17- кітапханалар)  мәдени мекемелер жұмыс атқаруда.

Жыл сайын ауданның өнерпаздарымен халықты өнерге жетелеуде 1000-нан астам түрлі іс-шаралар, жобалар ұйымдастырылып, өткізілуде.

Бүгінгі күні  бүкіл әлем бірігіп, COVID-19 індетімен күресте халықтың денсаулығы үшін бүкілреспубликалық карантинтік шаралар қабылдануда. Мәдениет мекемелерінің қызметі, келушілерге уақытша тоқтатылған болатын, алайда мәдени қызметкерлер қашықтық онлайн жұмысқа ауыстырылып, қызметтерін онлайн бағытына үйлестіруде.  

Жалпы мәдени ошақтармен  осы мерзімде 7000-ға жуық қашықтық көрермендерінің қамтылуымен 50-ден астам түрлі форматты онлайн мәдени  шаралар өтті.

 2020 жылдың мерейтойлық даталарына орай апта сайын ауылдық округтерде мәдени жобалар аясында ауданның шығармашыл, өнерлі балалары, жастары, ардагерлері өнерлерін ұсынуда. Кітапханалар жұртшылыққа онлайн кітап көрмелерін, танымдық кештер мен әдеби-музыкалық кештер, викториналық ойындар ұйымдастыруда. Қашықтықта да кітап оқудың қастерлігін бағыттауда.  Сонымен бірге балаларды қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегілер оқуға баулуға кітапханашылармен балалар оқырмандарына  қызықты ертегілерден Онлайн кітап жарнамаларын көрсетуде. Атап айтсақ Шарбақты ауылдық кітапханашысымен «Алдар көсе мен Қожанасыр хикаялары», «Алпамыс пен Мыстанкемпір», «Ертөстік», «Менің сүйікті ертегілерім» және т.б. ертегілер кітаптары ұсынылса, аудандық балалар кітапханасында кішкентай оқырмандарға «Маймақ аю» атты  онлайн ертегі оқу сағаты өткізілді.

Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған аудандық «Абай үні» жобасы шеңберінде  ауылдық округтердің белсенді қатысуымен орындалған «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай»  әндері, «Әсемпаз болма әр неге», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», ақынның «Қарасөздері» шығармалары көрермендердің көңілдерінен шығуда,  «Көзімнің қарасы» әнін Шәмші ауылдық кітапханасының кітапханашысы Валиева Назым Еренғайыпқызы француз тілінде орындады. Сонымен бірге аудандық Мәдениет үйінің өнерпазы Жігербек Мәулітбек сәуір айында Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай  өткен облыстық «Ән мен жырын мұра қылған» атты онлайн конкурсына «Көзімнің қарасы» әнімен қатысып, бірқатар лүпілдерге ие болды. 

Ұлы Жеңістің 75-жылдығына орай аудандық «Жеңіс Маршы» жобасы да онлайн форматта іске асырылуда. Майдан жолында отансүйгіштік пен патриоттық жалында  ел үшін ерлік көрсеткен батырлардың есімдерін ұлықтау мақсатында  балалар, ауыл азаматтары мен ардагерлер   бірқатар соғыс жылдарынан жүректі тебірентер әндер мен, өлең жолдарын арнап келеді.  Естен кетпес «Жди меня», Мұқағали Мақатаевтың «1941» өлеңдері, «Смуглянка», «Журавли» әндері т.б әсерлі шығармалар орындалып келеді. Атап айтсақ өскелең ұрпаққа өнеге ретінде Жанатан ауылының ардагер ұстазы 88 жасты Ворочихина Анна Афанасьевна «Память о павших» өлеңін көзіне жас алып, тыңдармандарға жеткізіп, «За того парня» әнін шеберлікпен орындаса, Жабағлы ауылының  ардагер ұстазы Айгожин Жеңіс атамыз «Журавли» әнін жолдады.

Аптаның әр бейсенбі күні сағ.19.00- де аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары «Ән сағаты» концерттік бағдарлама тікелей эфирін ұйымдастыруда. Тікелей эфирде туған күн иегерлеріне, қатысушыларға арнайы халық әндері,  белгілі композициялар тарту етілуде.

Шәмші ауылында ас атасы Нанның қадір-қасиеттілігін жастарға, балаларға ұлықтауда 30-ға жуық ауыл келіндерінің қатысуымен «Нан пісіру» видеоэстафетасы өтуде. Эстафетада 40-тан астам нан дәмдері әзірленді.

Бүгінде  1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні, 7- мамыр Отан қорғаушылар мен 9 мамыр 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерейтойы мерекелеріне онлайн мәдени шараларға дайындық жүргізілуде.

Аспанымызда төнген қауіпті індетпен күрес жолында қабылданған карантиндік сақтық шаралары аясында ауданның мәдениет саласы  шырайлы көктем шағында әсем ән мен жақсы көңіл күй сыйлауға  тырысады. Әлеуметтік Инстаграмм желісіндегі Akkuly_madeniet, akkullybolashakkitap.kz инстаграмм парақшаларындағы ауданның мәдени тынысын тамашалап, жоспарланған онлайн шараларына барша ауылдастарды, жастарды   қатысуға, өз өнерлерін  көрсетуге шақырамыз.

          Аққулы ауданының

мәдениет, дене шынықтыру және

                                          спорт бөлімінің бас маманы

                       Ж.Д.Ахметжанова

© "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" ММ, 2020
разработано: NF Group
SQL Error: Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired at /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
Array
(
    [code] => 145
    [message] => Table './lebyazhye/prefix_counter_users' is marked as crashed and should be repaired
    [query] => INSERT INTO `prefix_counter_users`(`cuser_date`,`cuser_ip`) VALUES('2020-06-02','18.232.38.214')
    [context] => /var/www/lebyazhye.pavlodar.gov.kz/public_html/engine/statics.class.php line 28
)